ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға ескерту жасады

Фото: mk-kalm.ru

Фото: mk-kalm.ru

ЖАҢАЛЫҚТАР 2-12-2024, 09:49 0

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша,  жел күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

— Қазақстан аумақтарының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты солтүстікте қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, — делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігіндегі желдің екпіні - 15-18 м/с.

Құтқарушылар өңір тұрғындарына төмендегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай керектігін ескертеді:

- Жел күшейген жағдайда аялдамалардың, жарнама тақтайшаларының және ағаштардың астында жасырынбаңыз.

- Үзілген электр сымдарының,  құлап кетуі мүмкін заттарға жақындамаңыз.  
- Көлікті ескі, шіріген және жалғыз тұрған ағаштардың жанында қалдырмаңыз.  

- Автокөлік жүргізушілері жылдамдықты қатаң сақтап, жолда аса мұқият болуы керек. Жаяу жүргіншілер көктайғақта жарақат  алмау үшін арнайы қауіпсіздік шараларын қолданғаны жөн, - деді ШҚО ТЖД мамандары.



Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив