«Қазгидромет» ШҚ филиалы өкілдерінің мәліметінше, 8 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын пен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел соғады.
– Жолға шығар алдында мына заттарды жолға алған жөн: сүйрейтін арқан, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім мен азық-түлік. Көлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтау керек, ал жаяу жүргіншілер жарақат алмас үшін абай болған жөн, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалыңыздар.