Ресми мәліметке сүйенсек, өскемендіктердің саны 375,4 мың адам. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақов баспасөз өкілдеріне берген брифинг барысында айтты.
Оның сөзінше, жыл басында қазіргіден 673 адам аз болған.
- Табиғи өсім - 225 адам. Тұрғындар саны тұрақты өсіп келеді, - деді ол.
Айта кету керек, қала әкімдігінің өзі де ресми есеп пен өмірдегі есептің арасында айырмашылық барын мойындайды. Бейресми мәлімет бойынша, қалада 400 мың адам тұрады.