"Өскемен халқының орташа еңбекақысы 400 мың теңгенің үстінде"


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-05-2024, 16:47 0

Өскемен әкімінің орынбасары қала тұрғындарының орташа жалақысын айтты. Оның сөзінше, орташа еңбекақы 400 мың теңгеден асады.

- Тұрғындардың орташа жалақысының мөлшері 15,2 пайызға өскен. Бұл дегеніміз 404,8 мың теңге. Бұған қоса 3515 жұмыс орны құрылып, оның 2450-і тұрақты болып бекітілді, - деді өңірлік коммуникациялар орталығындағы өткен баспасөз жиында қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақов.

Жалақыдан жалақыға дейін жан бағып отырған азаматтарды бұл көрсеткіш таң қалдыратыны рас. Мамандар елдегі орташа жалақы Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстары бойынша есептелетінін айтады. Ол үшін ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдар тоқсан сайын және жылына бір рет төлемдер мен қызметкерлердің нақты саны бойынша есеп беріп отырады.

Бұл ретте жалақы қорына қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар және зейнетақы аударымдары, сондай-ақ медициналық жарна да кіретінін біле жүріңіз. Әрине еңбекті бағалау салаларға, өңірлерге, лауазым мен меншік иесіне қарай жүзеге асырылады. Шағын және микро кәсіп есепке алынбайды. Бір айлық орташа жалақыны санау арқылы халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер мөлшері нақтыланады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив