2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 12:00 0

Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады. 

– Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын, - делінген құжатта. 

2025 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны: 

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам; 

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам; 

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам; 

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 4. 

Барлығы 915 адам шақырылады. 

Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив