25 қараша күні Лесная Пристань ауылындағы Бұқтырма өзенінің гидрологиялық бекетінің төменгі жағында сең кептелісінің салдарынан су деңгейінің көтерілуі байқалды.
– Су деңгейі сағат 12.00-ге 350 см-ді, сағат 16.00-ге 430 см-ді құрады. Шекті су деңгейі - 530 см. Бұл мұз түзілу кезеңінде жыл сайын болатын маусымдық құбылыс, - дейді ШҚО бойынша «Қазгидромет» филиалы мамандары.
Мамандар су деңгейін бақылауда ұстап отыр.