Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу сертификаты қажет


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-08-2024, 10:40 0

Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтіру мәселелері бойынша ішкі істер органдарының өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларына өзгерістер енгізілді деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілішісіZakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Түзетулер ендігі жерде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке басқа құжаттармен қатар, мемлекеттік тілді бастауыш сыныпта меңгергенін растайтын анықтама қоса берілуі тиіс екені белгіленген.


Заңның 17-бабында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш қабылданбайды.


Ендеше естеріңізге сала кетейік өтініш берушінің өтініші қабылданбайды егер:


-       - халықаралық құқықта көзделген адамзатқа қарсы қылмыс жасаған, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсылық білдірген;


-       - Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;


-      - ұлттық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына зиян келтіретін заңсыз әрекеттерді жүзеге асырса;


-       - ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздырса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің әрекет етуіне қарсылық көрсетсе;


-       - террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысы бар немесе террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталған;


-       - халықаралық іздеуде болса, соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан немесе оның әрекетін сот қайталап жасалған қылмыс немесе қауіпті қайталанатын қылмыс деп таныған;


-       - басқа мемлекеттің азаматы болса;


-       - Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде өзі туралы жалған мәліметтерді хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде дәлелді себептермен қажетті құжаттарды ұсынбаса;


-     -  Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жерде қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде осындай деп танылған өтелмеген соттылығы болса;


-       - кәмелетке толмаған баланың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған;


-      -  Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде экономикалық салада құқық бұзушылық жасаған;


-       - Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған;


-       - Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде осы заңның 21-бабының 1, 2 және 5 тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;


-     -  осы Заңның 21-бабы бірінші бөлігінің 8 тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;


-       - осы заңның 20-1-бабының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған.


-       - мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған көлемде Қазақстан тарихын білмейді.


Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын алған адам азаматтығын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті. Қазақстан Республикасының шетелдiк агенттiгiне берiлуi және өзiнiң Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлiгiн тапсыруы тиіс.


Бұйрық 2024 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив