ШҚО-да алимент төлемеген ер адам жүргізуші куәлігінен айырылды


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 14:50 0

Шығыс Қазақстан облысында баласына 3 230 860 теңге алимент төлемеген ер адамның жүргізуші куәлігінің қолданысы тоқтатылды.  

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке сот орындаушысы сотқа оның атқарушылық өндірісінде  алимент бойынша қарызы 3 230 860 теңгені құрайтын борышкер Т.-дан  алимент өндіру туралы өндіріс барын айтып, борышкерге бұрын берілген   жүргізуші құқығын қолдануды уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныспен жүгінді. 

Сот атқарушылық құжаттың дәлелді себептерсіз ұзақ уақыт бойы орындалмағанын анықтады. Борышкер Т. осы ұсынысты қарау кезінде де берешекті өтеу бойынша ешқандай шара қолданбады.

Мұндай жағдайларда сот ұсыныс негізді және қанағаттандырылуға жатады деген қорытындыға келді. Сот берешек толық өтелгенге дейін борышкер Т.-ның жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтатты.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив