2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 246 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:
- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 543 рұқсат (бірінші санат)
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат)
- тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар)
- төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 859 және 917 адам.
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 120 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 293 адам тартылды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8% - ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 155 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 387 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 363 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 168 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 664 адам, Өзбекстан – 1 230 адам, Түркия – 1 150 адам, Үндістан – 1 108 адам.