Өскеменде ағайынды егіздер бір әскери бөлімде қызмет етеді


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 12:10 0

сурет: Қорғаныс министрлігі

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде ағайынды егіздер әскери борышын өтеп жүр. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысының тумалары Нұрсұлтан мен Жансерік Жақсан бала күнінен бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Ағайынды егіздер әскерге шақырту алған күні-ақ жергілікті әскери басқару органының табалдырығын еш ойланбастан аттады. 

– Алғашында жігіттер әртүрлі бөлімшелерге бөлінді. Командир ағайындылардың біріне тапсырма беріп, оны екіншісінен орындауды талап еткен жағдайдан соң ғана бәрі жігіттердің егіз екенін білді. Олар одан әрі қызметін бір бөлімшеде жалғастырды, - делінген хабарламада.

Полигондарда және кез келген күнделікті қызметте жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде Нұрсұлтан мен Жансері бір-біріне ғана емес, қолдауды қажет ететіндерге де үнемі көмектеседі. 

Жарты жылдан кейін әскери бөлімге Өскеменнен тағы да егіз ағайынды Мәди мен Әли Романовтар келді. Егізінің әскерге бара жатқанын білген Әли оқу орнынан академиялық демалыс алып, ағасының соңынан әскерге аттанды. 

Қазір Мәди мен Әли әскери өмірге бейімделіп, дайындықтан өтіп жатыр. Егіз бауырлармен Нұрсұлтан мен Жансерік те өз тәжірибелерін бөлісіп, оларға қамқорлық көрсетіп тұрады.

– Басшылықтың, аға жолдастардың тұрақты қолдауының және күнделікті сабақтардың арқасында біз көп нәрсені үйрендік. Нұрсұлтан мен Жансерікке де ризамыз. Олар бізді өздері егіз болған соң бізді тезірек түсінеді, әрі осында игерген нәрселерін жеткізуге тырысады, - дейді ағайынды Романовтар.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив