“Әке көрген оқ жонар” немесе Жасұланның әскери жолы


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР / ӘР САЛА 17-08-2024, 11:27 0

Шекара қызметінде жоғары білімі бар сайдың тасындай іріктелген шекарашылар көптеп кездеседі. Бүгін біз солардың бірі майор Үшата Жасұлан Ерназарұлы туралы жазуды жөн көрдік.

1993 жылдың 7 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылында дүниеге келген Жасұланүйінің кенжесі екен. Оның алдында Толғанай және Жансая деген әпкелері бар. Әкесі Әуелбеков Ерназар Үшатаұлы Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі болып қызмет атқарған. Әскери шені «прапорщик». Анасы Әуелбекова Ұлбосын Бегалықызының да әкесі әскериқызметші екен. Кішкентайынан әкесінің әскери киімін көріп қызығып өскен Жасұлан  әкесін өзіне әрқашанда үлгі тұтты.«Қазығұрт ауданымен Шымкент қаласыныңҚорғаныс істері жөніндегі департаментінде бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарған әкем, кішкентай кезімде саптық жүрістермен саптық әдістерді маған жиі үйрететін деп еске алды», - ол бізге берген сұқбатында.

Өте жайдарлы, әрдайым көңілді, барлық адамдардың көңілін таба білетін асыл азамат еді. Өз уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайтын өте жомарт, жаны жайсаң жан болған. Осындай әкенің тәрбиесін көріп өскен ол қай жерде мейлі қай елде жүрсе де әкесінің атына кір келтірмейтінін айтады.

1999 жылы алғаш рет мектепке барған кейіпкеріміз Болашақ мектеп гимназиясын 4-сыныпқа дейін оқып, әкесінің жұмыс орнының ауысуына байланыстыТогус ауылына көшіп келген. Сол жерде Б.Момышұлы атындағы №18 мектепке ауысып, 11 сыныпты осында бітірген. Өкінішке орай, әкесі жол апатынан қаза тауып, отбасының жағдайы күрт қиындап кеткен. Әйтсе де, анасы өзінің жастығына қарамастан қолынан келгенді жұмысты жасап балаларын ешкімнен кем қылмай өсіріп тәрбиелеген.

Жасұланның айтуына қарағанда мектепті бітірер кезде алдына үлкен мақсат қойған ол қандай мамандық иесі боламын деген үлкен таңдау болған екен. Сол кезде алғаш рет нағашы ағасы Алматы қаласында ҰҚК Әскери Институты (қазіргі ҰҚК Шекара Академиясы) бар екенін айтқан. Жастайымнан әкесінің әскери өмірін көріп өскен жас жігіт әкемнің жолын таңдаймын деп сол оқу орнына түсуге әбден дайындалған. Нәтижесінде, ҰБТ дан 92 бал жинап сол кездегі Әскери институтқа оқуға түскен.Осылайша оныңәскери өмірі 2010 жылдың жазында Алматы қаласының Қараой полигонында басталған. Сол бір уақытша қиындықты тебірене еске алған Жасұлан Ерназарұлы

«Әлі көз алдымда, қалай сол полигонның ішіне анаммен қоштасып қақпадан кіріп жатқаным. 1-оқу дивизионы 122-оқу заставасының курсанты атандым. Әскери антты сол жылдың 5 қыркүйегінде қабылдадым. Біздің оқу заставасының алғашқы бастығы ағалейтенант Еркінбеков (2019 жылы қаза болды)болатын, кейін лейтенант Биманов Азамат болды. Дивизион командирі подполковник Мансұр Магомедалиевич Алиев болды, өте білікті офицер. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан мен курсант Азамат Құмаровпен бірге дует құрып Шекара Академиясының іс-шараларында әуелете ән айта бастадым.Сонымен қатар, 1-оқу дивизионның КТК командасында ойнап өз өнерімді ортаға салдым. Осылайша ойнап-күліп жүргенде көзді ашып жұмғанша 4 жылдың қалай өтіп кеткенін де білмей қалдым.

2014 жылдың жазында мен қос жұлдызды иығыма қадап лейтенант атандым. Алғашқы қызмет жолымды Сол кездегі «Шығыс» өңірлік басқармасының 2089 әскери бөліміне қарасты«Достық» ЖБӨП-ның автокөлік БӨП аға бақылаушы лауазымына тағайындалдым. Бұл жердің табиғаты өте ерекше әрдайым жел соғып тұратын, осы әскери бөлімде 2014-2016 жылдараралығында қызмет атқардым. Қызмет барысында Мемлекеттік шекараның режимін бұзушылары ұсталды және Қазақстаннан шығуға рұқсаты жоқ тұлғалар анықталып ұсталған болатын, бұл әскери бөлімде Академияда алған білімімізді тәжірибелік түрде көрсете білдік деп сенемін», - дейді ол бізбен сұқбатында.

2016 жылдың наурыз айында Күршім шекара отряды «Төсқайың» шекара бөлімінің офицері болып тағайындалған әріптесіміз аталмыш  шекара бөлімінде қызметте жүргенде болашақ жұбайы Ардақпен танысқан екен. Қылықты қызды құрығына түсірген шекарашы екі сөзге келместен ару қызбен шаңырақ көтерген.Ардақтың мамандығы математик Шымкент педагогикалық университетінде оқыған.

Әскери саланың ыстығы мен суығына төзіп үйренген әскери қызметшілер бұйрық қайда болса олар сонда жүретінін біледі. Осыны ескерген шекарашы офицер 2017 жылы Күршім ауданы бойынша Шекара басқармасының «Төсқайың» шекара бөліміне қарасты «Көкжота»шекара бөлімшесі бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне кіріседі.Шекара бөлімшесінің орналасқан жері таулы, қыратты, жер болғандықтан қысы қатты аязды, қарлы болды. Сыртқа шықса шекара бөлімшесіне жету қиынға соқты.

Майор Жасұлан Ерназарұлы «Көкжота «шекара бөлімшесінде жүріп бірнеше рет шекара режимін бұзушыларды құрықтап, басшылықтың назарына іліккен болатын. Нәтижесінде, 2017 жылы «Үздік шекара бөлімше» номнациясына ие болса, 2018 жылы білімін жетілдіріп көп ұзамай бөлімше бастығы лауазымына тағайындалды.

«Көкжота» шекара бөлімшесінде шекарашы офицердің Айша атты қызы мен Ибраһим атты ұлы дүниеге келді. Мұнда да асқан қырағылық танытқан әскери қызметші дүркін-дүркін шекара режимін бұзушыларды ұстайды.

2018-2022 жылдар аралығында жүріп бөлімшені үздіктердің қатарына қосады. Бөлімшедегі техниктар үздіктер қатарынантанылыпЖасұлан Ерназарұлының қызметтегі мәртебесі артады. Қызметтік лауазымы жоғарылайды. Сөйтіп кезінде бөлім бастығының орынбасары болып бастаған «Төсқайың» шекара бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалады. Осындай жауапты лауазымда он жылға жуық қызмет атқарған ол шекара бөлімшелері,бөлімдері, бақылау бекеттерінде жауапты қызметтер атқарады. Кейіннен анасының жалғыз болуына байланысты қалалық жерге ауысып, қызметін одан әрі жалғастырады.

Бүгінде әңгімеміздің арқауына айналған кейіпкеріміз 2023 жылы Зайсан қаласындағы Зайсан ауданы бойынша Шекара басқармасыныңтәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстарының аға офицері лауазымына ауысады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік тәрбиеші офицері» атағына ие болған.

Майор Ғ.Бакетов

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив