Желтоқсанда қай спорт түрлерінен жарыстар өтетіні белгілі болды


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 10:26 0

Желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының аумағында облыстық, республикалық және халықаралық дәрежеде жиырмадан астам спорттық іс-шара өтеді. Бәсекелер спорттың көптеген түрін қамтиды. Бұл жөнінде ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады, деп жазады BizdіңӨskemen.kz сайтының тілшісі.

 

Жарыстарды дәрежесіне қарай бөліп айтсақ, алты республикалық және халықаралық іс-шара, 18 облыстық іс-шара болады. 

 

Облыстық іс-шаралар ішінде тек қана кәсіби спортшыларға арналған емес, бұқаралық сипаттағы бәсекелер де қамтылған.

 

Республикалық және халықаралық іс-шаралар шайбалы хоккей, жүзу, волейбол, биатлон және көркем гинастика бойынша өтеді. 

 

Ал облыстық жарыстар волейбол, футзал, бокс, конькимен жүгіру, жеңіл атлетика, дзюдо, шорт-трек, биатлон, шаңғы жарысы, велосипед жарысы, байдарка мен каноэде ескек есу, батут гимнастикасы, армрестлинг, еркін күрес, грек-рим, әйелдер күресі және садақ ату бойынша болады.

 

Ақпаратқа қарағанда, сайыстардың көбі облыс орталығы Өскеменде болады деп жоспарланған. Дегенмен басқа облыстарда да баршылық. Атап айтқанда, Риддер қаласы мен Алтай, Глубокое, Ұлан аудандары. 

 

Төменде жарыстардың толық тізімін ұсынамыз.

2024 жылғы желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының аумағында өткізілетін республикалық және халықаралық іс-шаралардың тізбесі:

№ п/п

Іс-шараның атауы

Спорт түрі

Өткізу мерзімі

Өткізу орны

1

2010 ж. т. жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты

шайбалы хоккей

1-2 желтоқсан,

5-6 желтоқсан,

14-15 желтоқсан,

18-19 желтоқсан

Мұз айдыны

Қ. Сәтпаев даңғылы 26/2

2

2009-2010 ж. т. және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында жүзуден "Алтай Жұлдызы" республикалық турнирі

жүзу

2-5

 желтоқсан

Орталық бассейн

Қ. Сәтбаев даңғылы 82/3

3

Волейболдан ҚР чемпионатының 2 туры

волейбол

3-12 желтоқсан

Жекпе-жек сарайы

Қ. Сәтбаев даңғылы 82/1

4

2009, 2011 ж. т. жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты

шайбалы хоккей

4-5 желтоқсан,

11-12 желтоқсан,

 

Б. Александров атындағы Спорт сарайы

Абай көшесі 2

5

2010-2014 ж. т. ұлдар мен қыздар арасында биатлоннан ҚР Кубогы

(Grand Tour Biathlon)

биатлон

05-11 желтоқсан

Риддер, Лесное ауылы

"Риддер қаласындағы олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі"РММ

6

Болгариядан келген жаттықтырушы Сильвия Митеваның жетекшілігімен көркем гимнастика бойынша Мастер-класс және оқу-жаттығу жиындары

көркем гимнастика

8 желтоқсан - Мастер-класс,

9-13 д желтоқсан - оқу-жаттығу жиындары

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені

Шәкәрім көшесі ½


ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылғы желтоқсанға арналған облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспары:

№ п/п

Іс-шараның атауы

Спорт түрі

Өткізу мерзімі

Өткізу орны

1

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Волейбол

5-7 желтоқсан 2024 ж.

Алтай Ауданы,

Жаңа Бұқтырма кенті

2

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2012-2013 жылы туған ұлдар арасында футзалдан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Футзал

19-20 желтоқсан 2024 ж.

Алтай Ауданы,

Жаңа Бұқтырма кенті

3

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2009-2010, 2011-2012, 2013-2014 ж. т. жасөспірімдер арасындағы бокстан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Бокс

12-14 желтоқсан 2024 ж.

Алтай Ауданы,

Жаңа Бұқтырма кенті

4

Конькимен жүгіру спортынан Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты

Конькимен жүгіру

27-28 желтоқсан 2024 ж.

Абай Облысы,

Семей қ.,

"Локомотив" Стадионы

5

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жеңіл атлетикадан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Жеңіл атлетика

13-14 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.

Сәтпаев даңғылы 82/2, Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы

6

2008-2009 ж. т. ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Дзюдо

14-16 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.

Сәтбаев даңғылы 82/1, жекпе-жек сарайы

7

Шорт - тректен Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Шорт-трек

6-7 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.

Сәтбаев даңғылы 26/2

8

Биатлоннан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Биатлон

29-5 желтоқсан 2024 ж.

Риддер қ.

9

Шаңғы жарысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Шаңғы жарысы

1-6 желтоқсан 2024 ж.

Риддер қ.

10

Дәстүрлі жаңа жылдық кросста Велосипед спортынан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Велосипед спорты

30 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.

 

11

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған байдарка мен каноэде ескек есу слаломы бойынша жалпы дене дайындығы бойынша Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

байдарка мен каноэде ескек есу слаломы

12-14 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.

 

12

2013-2015 ж. т. жасөспірімдер арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Волейбол

14-17 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.

 

13

Григорьянц Э. М. еске алуға арналған ШҚО батут гимнастикасы Федерациясының ашық турнирі  

батут гимнастикасы

11-15 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.

Сәтбаев даңғылы 82/2

14

15-16, 13-14, 11-12 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер мен жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар арасында МТБ (ХСО) Велосипед спортынан және жалпы дене шынықтыру даярлығынан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі.

Велосипед спорты

20-22 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.,

Қазақстан тауы

15

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2009 ж. т. және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында армрестлингтен (қоссайыс) ашық облыстық турнир

Армрестлинг

12-13 желтоқсан 2024 ж.

Ұлан ауданы

Привольное ауылы

16

Велосипед спорты және велосипедшілер мен велоспорт әуесқойлары арасында дәстүрлі жаңа жылдық футбол матчынан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі

Велосипед спорты

31 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.

 

 

17

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кубогы

Еркін, грек-рим, әйелдер күресі

12-14 желтоқсан 2024 ж.

Өскемен қ.

Сәтбаев даңғылы 82/1, жекпе-жек сарайы

18

Дәстүрлі атудан Шығыс Қазақстан облысының ашық турнирі

Садақ ату

13-16 желтоқсан 2024 ж.

Глубокое ауданы, Глубокое кенті,

Пирогов көшесі, 6


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив