25 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-11-2024, 15:00 0

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 14 қарашада елімізде жол-көлік оқиғалары санының артқанын мәлімдеді. 

Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, 2024 жылы 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді, 2 мың адам қайтыс болды, 25 мыңнан астам адам жарақат алған. 

– Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адамдар есепке алынады, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Оның айтуынша, жүргізуші тәртібін бақылау күшейтілді.  

– 21 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды, 10 мыңға жуық қарсы жолаққа шығу деректерінің жолы кесілді. 25 мыңнан астам жүргізуші басқару құқығынан айырылды. 20 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 400 мыңға жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, - дейді Қайсар Әбілекұлы.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив