Қазақстанда адам ағзаларын сату фактісі анықталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-09-2024, 12:48 0

Қазақстанда адам ағзаларын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді. 

Шынар Көшербаеваның айтуынша, жыл сайын республикада адам саудасына қатысты 150-ге дейін қылмыстық іс қозғалады. Жыл басынан бері 134 қылмыстық іс тіркелді. 

– Осы жылдың өткен кезеңінде 134 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде: органдар саудалағаны үшін – 15 іс; адамды қанау мақсатында ұрлағаны үшін – 2; қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін – 3; адам саудасы үшін – 15; кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 12; кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін – 3; жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 7; притон ұйымдастырғаны және жеңгетайлық жасағаны үшін – 77, - деді полиция қызметкері. 

Шынар Көшербаева соңғы жылдары құқық қорғау органдары Қазақстан азаматтарын шетелге шығарудың бірнеше арнасын тоқтатқанын атап өтті. 

Сондай-ақ адам саудасымен байланысты қылмыстарға ықпал ететін әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Мәселен, жезөкшелік пен жеңгетайлықпен айналысу үй-жайлар бергені үшін 649 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Жалпы сомасы 155 миллион теңге айыппұл салынды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив