18 тамызда кешке 30 жастағы шығысқазақстандық көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарға "тұрақтаған".
Полиция басқармасының мәліметінше, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның мас күйінде көлікке отырғанын анықтады.
"Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", деп хабарлады ПБ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.