Қазгидромет мәліметінше, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, екпінді жел күтіледі. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты қар, 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын-шашын жаууы болжанады.
Республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасының түнде 10-25 дейін аяз, күндіз ауа температурасы 5-16 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, 14 қарашада түнде 7-20 дейін, күндіз 2-13 градусқа дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады.