Шілденің соңғы күні Шығыста найзағай мен өрт қаупі төнді


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-07-2024, 10:43 0

«Қазгидрометтің» Шығыс Қазақстандағы филиалының ақпараты бойынша, 31 шілдеде түнде облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде, ал күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады. Жел қарқыны түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Мамандар келесідей кеңес береді:
- найзағайды үйде күткен жөн, бұл ретте терезені, есіктерді, түтіндіктерді жабыңыз,электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
- металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз
- ұялы байланыс телефонымен сөйлесу ұсынылмайды
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз.
- өрт қауіптілігі жоғары кезде табиғат аясында және үй жанындағы жерлерде от жағуға болмайды;
- отқа абай болыңыз.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив