2024 жылдың тоғыз айында 1690 отбасы немесе 8066 адам 670,1 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алған ( оның 611-і көп балалы отбасы). Бүгінде кешенді қолдау шаралары 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын 3317 адамға немесе 29%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова хабарлады.
– Алтай, Самар және Марқакөл аудандарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың азайғаны байқалады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК алушылардың саны 76,8%, жоспармен 75,4% құрайды, - деді Альмира Мусинова.
2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекке бір миллиард теңге қарастырылған (республикалық бюджеттен 0,8 миллиард теңге, МБ-дан қоса қаржыландыру түрінде 0,2 миллиард теңге).