Қазақстанда кейбір жеміс-жидек пен көкеністердің бағасы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин хабарлады.
Еліміз әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен (ұн, тұз, нан, күріш, макарон, май, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз) 100%-ға қамтылған. Елімізде 14 азық-түлік тауарлары 80 пайызға қамтамасыз етіледі. 5 азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділік бар. Құс етімен біз өзімізді 73 пайызға қамтамасыз етеміз. Шұжық - 60 пайыз, балық - 60 пайыз, ірімшік пен сүзбе-46 пайыз, қант- 44 пайызға қамтамасыз етеміз. Мұнда белгілі бір тәуекелдер де жоқ емес, - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Премьер-министрдің орынбасары қандай жеміс-жидектің қымбаттауы мүмкін екенін атап өтті.
– Қазақстанда өспейтін көкөніс пен жеміс-жидектің кейбір түрлері, мысалы апельсин, банан, лимон және т.б. шамалы қымбаттауы мүмкін. Біз үнемі мониторинг жасаймыз, соңғы аптада ештеңе қымбаттаған жоқ. Бізде өспейтін апельсин, лимон және басқа да цитрус жемістерін қазір Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында осы өнім түрлеріне кедендік әкелу баждарын төмендету мәселесі қаралуда. Бізде жабық жермен жұмыс істейтін, жылыжай салатын кәсіпорындар бар. Бұл ертең олардың қызметіне қалай әсер ететінін, нарықта қысым болмауын қарастырамыз. Сондықтан жақын арада шешім қабылдаймыз, - деді Серік Жұманғарин.