"Шығыс" өңірлік әскерінің бұрынғы қолбасшысы ұсталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:43 0

Ол адал кәсіпкердің сенімін теріс пайдаланып, жоғары лауазымды әскери тұлға ретіндегі беделін қолданып, аса ірі көлемде қаржы иемденген. Антикор отставкадағы генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, отставкадағы генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол адал кәсіпкердің сенімін теріс пайдаланып, жоғары лауазымды әскери тұлға ретіндегі беделін қолданып, аса ірі көлемде қаржы иемденген. Қылмыс Қазақстан аумағында әлеуметтік жобаларға инвестиция салудан жоғары табыс табуға болады деген сылтаумен, министрліктер мен шетелдік серіктестердің ықпалды өкілдерінің қолдауымен жүзеге асады деген желеумен жасалған, – деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған.Күдіктінің басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив