Енді әскерге SMS-пен шақырады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:37 0

Ендігі кезекте әскерге көшеден ұстап әкету болмайды. Әскер жасына толған әрбір азаматқа 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы келуі мүмкін. Азаматтар бұл ақпараттың шынайылығын eGov порталындағы жеке кабинет арқылы тексере алады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.


– Егер азамат шақыртуды елемесе, бұл әрекет Әкімшілік кодекс аясында қаралады. Ал айыппұл мөлшерін уәкілетті органдар белгілейді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.


Оның айтуынша, заң қабылданғаннан кейін жастарды көшеден күштеп әкету сияқты жағдайлар болмайды. Қазіргі уақытта тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив