Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Белогорский, Асу Бұлақ, Огневка ауылдарын жұлдызқұрттар жайлап, орман мен бау-бақшаны жойып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қаптаған зиянкестер шырша мен қарағай инелеріне дейін жеп, табиғатты түп-тамырымен құртып барады. Тұрғындар бұл жәндіктерді «биологиялық қару» деп атап, шұғыл көмек сұрап отыр.
– Ауылда дүкен жоқ, нан аптасына екі-ақ рет жеткізіледі. Азық көзі – орман мен бақша. Алайда биылғы егін күйіп кеткен, алма, жидек, шөп секілді қысқа керек азық қалмаған. Құрттар енді картоп пен сәбізге жетсе, жағдай тіптен қиындайды,-деді ауыл тұрғындары.
Зиянкестер тіпті үйлерге дейін кіріп кеткен. Кейбір тұрғындар терілері ісініп, ауырғандықтан құрттарды улы болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Жергілікті әкімдік құрттардан сынама алып, зертханаға жолдады.
Нақты шешім зерттеу қорытындысынан кейін қабылданады.