Алимент төлмегендерге заңда қандай жаза қарастырылған?

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:23 0

 Қазақстанда «неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 171-бабына сәйкес, алиментті кешіктірген әр күні үшін қарыз сомасының 0,1%-ы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Осымен бәрі біткен жоқ. Төлемнен жалтарғандарға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 669-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылады:

• 5 АЕК-ке дейін айыппұл;

• 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу.

Егер борышкер бірнеше ай бойы алимент төлемей, сот орындаушыларының ескертуіне құлақ аспаса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабында мынадай жаза түрлері көзделген:

• 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс;

• 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив