Өскеменде тағы бір мурал: Ақорда, Хан Шатыр және Бәйтерек

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 10:01 0

Қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асқан жоба Елорданың 27 жылдығына орайластырылған. Қабырғаға салынған муралдың жалпы аумағы – 150 шаршы метр. Онда Астананың сәулеттік нышандарына айналған Бәйтерек, Хан Шатыр және Ақорда бейнеленген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen

Елорда күні қарсаңында Өскемен қаласында тағы бір мурал пайда болды. Әміре Қашаубаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына елорданың басты символдары бейнеленді. 

Туынды арқылы авторлар заманауи Қазақстанның бет-бейнесін насихаттауды көздеген. 

Айта кетейік, Өскеменде бұған дейін де бірқанша мурал салынған болатын.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив