1-шілдеден бастап кезекші кесте бойынша Сәтпаев даңғылы 34/2 мекенжайындағы № 1 ХҚКО жұмыс істейді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалы мәлімдеді.
Тиісінше, бұрын кезекші болған Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайында орналасқан № 2 ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді (жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін).
Кезекші ХҚКО клиенттерді дүйсенбіден жұмаға дейін 8:00-ден 19:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде-8:00-ден 12:00-ге дейін қабылдайды.