Шілде айынан бастап бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы өседі. Сарапшылар бағаның көтерілуіне дейін қажетті тауарларды алдын ала алып қоюға кеңес береді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Биылғы шілдеден бастап сауда және интеграция министрлігі бірқатар негізгі азық-түлік тауарларына арналған минималды көтерме бағаларды қайта бекітті. Өзгерістер ұн, өсімдік майы, күшті алкоголь өнімдері мен ашытқыға қатысты.
Қай тауарлардың бағасы көтеріледі?
Ұн (жұмсақ бидай мен спельта ұны):
Бұрынғы бағасы: 96,65 теңге/кг. Жаңа бағасы: 139,81 теңге/кг
Өсім: шамамен 45%
Бұл баға өсімі үй жағдайында дайындалатын нан-тоқаш өнімдеріне тікелей әсер етуі мүмкін.
Күнбағыс майы:
Жаңа көтерме баға: 594,04 теңге/кг. Өсім: 61,2%
Ал бағасы төмендейтін жалғыз өнім тауық жұмыртқасы ғана болмақ. Оның бұрынғы бағасы 39,38 теңге болса, ендігі уақыттағы бағасы 37,8 теңге болып бекітілген.
Дәрі-дәрмек бағасы керісінше арзандамақ. Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиевтің мәлімдеуінше, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде дәрі-дәрмектердің көтерме және бөлшек бағасы 30%-ға дейін төмендейді. Бағаның арзандауы дәрі-дәрмекті тасымалдау, кедендік рәсімдер мен маркетингтік қызметтер сияқты қосымша шығындарды алып тастау есебінен жүзеге асады.