1 қарашадан бастап «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің, көкеністердің бағасын тұрақтандыруды бастайды. Осы маусымға арналған 9 мың тонна көкеніс сатылымға дайын.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарындағы көкөністердің бағасын тұрақтандыру аясында картоп, капуста, сәбіз – 115 тг/кг, сарымсақ – 120 теңгеден сатылатын болады.
Сауда павильондарынан бакалелия өнімдерді, қант, май т.б. өнімдерді әлеуметтік бағамен сатып алуға болады.
– Маусымаралық кезеңде «Алтай» көтерме-тарату орталығы» ЖШС-де 9 мың тонна жеміс-көкөніс өніміне келісім-шарт жасалса, оның 5500 тоннасы картоп, 1350 тоннасы қырыққабат, 1300 тоннасы сәбіз, 900 тоннасы пияз. Кәсіпкерлердің сұранысы бойынша өнім күн сайын жеткізілуде, деп хабарлады Ертіс әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі.