- «Әр адам көшбасшылыққа лайықты» – Айдана Смаилова

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:00 0

Облыс орталығында «Әйелдің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі, көшбасшылық дағдылары мен қасиеттері» атты авторлық семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Семинар-тренингтің мақсаты  – 18 бен 45 жас аралығында өзін-өзі және қоғамды дамытуға ұмтылатын әйелдерге Отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысымен таныстыру және түсіндіру.

Іс-шараның спикерлері психология ғылымдарының докторы, Phg докторы, Халықаралық психология ғылымдары академиясының корреспондент-мүшелері Наталья Фесенко мен Құралай Алина. Семинараға 20-дан астам адам жиналды. 

– Біздің семинар үш негізгі бағытқа бағытталған. Бірінші бағыт – әйел көшбасшылығы. Екінші бағыт – отбасылық психология. Үшінші бағыт – қаржылық сауаттылықтың психологиялық негіздері. Бұл өте маңызды, себебі қазіргі кезде халықтың көп бөлігі, негізінде қалыпты қаржылық ресурстары бола тұра, несиеге тәуелді. Қаржыны қалай дұрыс басқару керек, қаржылық сауаттылықты қалай меңгеру керек екенін үйретеміз, – дейді психология ғылымдарының докторы Наталья Фесенко. 

Наталья Фесенконың жыл сайын осындай семинарлар өткізілетін атап өтті. 

– Семинарға қатысқаннан кейін менің көшбасшылық туралы ойым өзгерді. Мен бұрын көшбасшылық деген әр адамға байланысты емес, белгілі бір салада ұзақ уақыт жұмыс жасаған адамға ғана тән деп ойлайтынмын, бірақ қазір ойым өзгерді, әр адам жеке тұлға болғандықтан көшбасшылыққа лайықты. Семинардан ерекше есте қалғаны өзіңе сенімді болу, ойыңды жинақтап, жеткізе білу туралы айтылған кеңестер, – дейді Дін істер басқармасында методисті Айдана Смаилова.


 

 

 

 

 

 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив