Абай облысы Ақсуат ауданында өткен «Асыл бесік - Ақсуат» фестивалі кезінде айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа көлік мінгізді
«Осы ауылдың еркесімін, мен шалқаймағанда кім шалқаяды. Барлықтарыңызға рахмет!», - деді Ринат Зайытов.
Айта кетейік, фестиваль аясында қазақ күресінен ASSYL ARLAN атты турнирде Абай облысының тумасы Ерасыл Қажыбаев атанды. Финалда ол жерлесі Даурен Нұралиновтан жанбас әдісімен ұтып басым түсті. Жүлделі үшінші орынды Түркістан облысынан келген Қайсар Шамшадинов пен Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов иеленді.