Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайын нақты уақыт режимінде қадағалайтын жаңа бақылау жүйесі таныстырылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен іс-шарада жүйенің гидробекеттерден, спутниктерден және метеоқызметтерден алынған мәліметтерді біріктіретіні, нейрожелі арқылы жағдайды болжайтыны атап өтілді. Ақпарат интерактивті карталар мен графиктер түрінде ұсынылып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бақылау жүйесі алдын алу шараларын да қамтиды: арналарды тазалау, су бұру арналарының құрылысын жүргізу және жағалауды нығайту жұмыстарын ұйымдастыру көзделген.
Тиісті қызметтерге су тасқынының үшінші толқынына дайындықты күшейту тапсырылды.
Сондай-ақ, орман өрттерінің алдын алу шаралары талқыланды.
Қанат Бозымбаев облыстың табиғи қатерлерге дайындығын жақсы деп бағалады.