Алтай ауданының жастары «Workshop»-қа қатысты

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:43 0

Алтай ауданында жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Мамандығым – Мақтанышым» атты Workshop алаңы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жастар арасында ұйымдастырылған жұмысшы шеберханасына жұмыс берушілер де қатысты. Workshop алаңына жиналған жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қазіргі еңбек нарығының тенденциялары, бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау арқылы жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, оқу үшін жұмысшы мамандықтарын таңдаудың маңыздылығы, электронды еңбек биржасымен жұмыс істеу дағдылары және өзге тиімді ақпараттар алып қайтты.

Сондай-ақ шара барысында шеберлік қойылымдары өткізіліп, болашақ «аспаздар», «құрылыс техниктері», «темір дәнекерлеушілер», «автомеханиктер» және «жиһаз құрастыру шеберлері» өз өнерлерін көрсетті.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив