Тау суы талқандаған Өскемен-Алтай жолы жөнделіп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:28 0

Кеше тау беткейінен аққан қар суы талқандап кеткен Өскемен – Алтай –Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман автожолында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолды жөндеу жұмыстары жоспарлы уақытта аяқталса көлік қозғалысына қойылған шектеу бүгін түстен кейін алынбақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Кеше 15 сәуір күні кешке қарай республикалық маңызы бар Өскемен–Алтай–Үлкен Нарын–Катонқарағай–Рахман қайнары автожолының 57-ші шақырымында таудан аққан су жол жиегін талқандап кеткендіктен осы бағытта көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын. Қазіргі уақытта республикалық маңызы осы жолдың 57 шақырымында жөндеу жұмыстары жалғасуда.

– Қазіргі уақытта жол учаскесінде төмендегідей техника жұмыс істеуде: «ҚАЖсервис» ЖШС тарапынан – 1 тиегіш, 1 автогрейдер, 7 самосвал; «Kurylys Group RK» ЖШС тарапынан – 2 экскаватор, 1 тиегіш, 10 самосвал. 3 100 тонна жартасты топырақ төселді. Жол жиегін толықтай нығайту үшін қосымша шамамен 2 500 тонна материал қажет, ол Осинов асуын айналып өтетін қайта жаңғыртылып жатқан жол учаскесінен жеткізіліп жатыр,-делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Сонымен қатар, жол жиегін жөндеуге қосымша күш пен техника тартылған. Жөндеу жұмыстары «ҚАЖсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен мердігер ұйым «Kurylys Group RK» ЖШС-нің арнайы техникасы арқылы жүріліп жатыр. 

Жол қозғалысын қайта ашу 2025 жылғы 16 сәуір күні сағат 15:00-ге жоспарланған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив