ШҚО-да балалар өндірістік шұңқырдағы көлшікке шомылған


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 13:04 0

Алтай қаласында Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында өндірістік шұңқырларда шомылып жүрген 14, 12 және 10 жастағы балаларды анықтады. 

Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері балаларды судың жағасына шығарып бұл жерде суға түсудің қауіпті екенін түсіндірді. Ал жасөспірімдердің ата-аналарына суды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД еске салады:

- Жабдықталған жағажай қауіпсіз, онда кезекші құтқарушылар бар;
- Су айдынының жанында қараусыз қалған балаларға қауіп төнеді;
- Тым алыс жүзбеңіз және шаршағаныңызды сезсеңіз жағаға оралыңыз;
- Тыйым салынған жерлерде суға түсу кезінде әрбір адамның қауіпсіздік ережелерін білуі және оған жауапкершілікпен қарауы өте маңызды;

Төтенше жағдай орын алған жағдайда  «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив