ШҚО-да полиция малына қарамаған тұрғындарға айыппұл салып жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 11:25 0

Көлік жүргізушілері жол бойынша емін-еркін жайылып жүретін қараусыз төрт түлікке әлеуметтік желіде жиі шағымданады. Олардың айтуынша, бұл аса қауіпті. Полиция қызметкерлері мұндай жағдайды болдырмау мақсатында өңірде "Қараусыз мал" деп аталатын жедел профилактикалық іс-шара бастады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, «Қараусыз мал» жедел профилактикалық іс-шарасы Ұлан, Үлкен Нарын аудандарында басталған. 

Ақпаратқа қарағанда, қараусыз қалған  жануарлар иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау орындарына жіберіледі.  

Бірақ иелері үй жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив