Тұрғындарға алаяқтардан есептегіштерді шұғыл ауыстыруды туралы қоңыраулар түсе бастады.
– Алаяқтар тұтынушыларға есептегіш құралдарының жарамдылық мерзімі өтіп кеткендіктен оларды тексеру немесе ауыстыру қажеттігін айтып, ұялы телефонына жіберілген кодты сұрайды. Алайда компания қызметкерлері тұрғындарға телефон соғып код сұратпайды, бұл алаяқтардың ісі – дейді «Өскемен су арнасы» кәсіпорын өкілдері.
Кәсіпорын өкілдері алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін тұрғындардан есептегіш құралдарының төлқұжатын зерттеп, олардың жұмыс істеу және тексеру мерзімдеріне назар аударуды, жеке деректер, құпия сөздер мен SMS кодтарды ешкімге айтпа сұрайды.