ШҚО-да биыл ЖРВИ-дің 200 мыңнан астам жағдайы тіркелді


ЖАҢАЛЫҚТАР 10-10-2024, 13:20 0

Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2024 жылдың 9 айында облыста ЖРВИ-дің 200 803 жағдайы, сондай-ақ тұмаудың зертханалық расталған 228 жағдайы тіркелген.  

2023 жылы облыста ЖРВИ-дің 122 151 жағдайы және тұмаудың 43 расталған жағдайы анықталды. Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық екі есеге жуық артты.

– ЖРВИ ауруы 1,74 есеге, тұмау 5,6 есеге өскені байқалады. Бұл ретте аурушаңдық көрсеткіші ұзақ мерзімді статистика негізінде есептелген бақылау деңгейінен аспайды. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау бойынша дәрігерге жүгінетіндер санының көбеюінің себептері биылғы жылдың метеорологиялық жағдайларының ерекшеліктері: салыстырмалы түрде жылы күз бен қыс, көктемнің ерте басталуы, бұл вирустың елімізде кең таралуына ықпал етеді, - дейді Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер. 

Өскемен қаласында ЖРВИ-мен ауыратын – 113 804 адам және тұмаумен ауыратын – 136 адам тіркелген. 

Күзде ЖРВИ-мен сырқаттанушылардың санының артуы байқалды қазірдің өзінде – 33 864 жағдай тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге жоғары. Шығыс Қазақстан облысында биыл күзде тұмаумен ауырғандар әлі тіркелген жоқ.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив