Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ұлттық паркінде Аршаты орманшылығында екі аланымен жайбарақат кетіп бара жатқан қар барысы фототұзаққа түсіп қалды.
– Бұған дейін 11 маусым күні Алтай аумағында аландары бар аналық барыстың алғашқы видеосы түсірілді. Бұл барыстардың Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болу сипаты тұрақты екенін білдіреді, - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жазбасында.