Катонқарағай ұлттық паркінде сирек кездесетін сілеусін фототұзаққа түсіп қалды


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-11-2024, 12:30 0

Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркінде сирек кездесетін сілеусін, сібір тау ешкісі, бүркіт фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді. 

– Бұл  кадрлар жабайы табиғатты  зерттеу және сирек кездесетін түрлерді қорғау үшін маңызды дереккөз саналады. Мұндай деректер Оңтүстік Алтайдың биологиялық алуантүрлілігін зерттеу мен сақтауға үлкен мүмкіндік береді, -  делінген  Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің хабарламасында. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив