Ғылыми-танымдық және экологиялық туризмнің бағыттарын анықтау үшін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Кұтпанбаевтың жетекшілігімен жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы аумақты ұшып өтіп, оның қорытындысы бойынша жаңа туристік бағыттарды қай жерде жасауға болатынын анықтады.
– Туристер үшін ең танымал бағыт - ескі австриялық айналма жол. Марқакөл мен Катонқарағайды тікелей байланыстыратын маршрут Алтай табиғатының бай дәмін ашады. Торғыз (Самовар) тауының басына шығатын бағытты, Матабай ауылының маңында үш бағытты, Жоғарғы Еловка ауылының ауданында бір бағытты ашу ұсынылады. Барлығы он жаңа бағыт бар, - дейді Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері.