“Материалдық-техникалық базамызды жаңартып, жаңа техника сатып алдық. Сонымен қатар, мердігер компания сахнаны жөндеуге кірісіп те кетті. Өнер адамдарына ыңғайлы болу үшін жаңа «Газель» автокөлігін алуға қаржы бөлінді. Сахналық киімдер сатып алынды. 2024 жылы «Шабыт» мәдениет үйінің сахнасын жөндеуге 30 миллион теңге бөлініп, оның 22,5 миллионын Алматы қаласының мердігерлері ұтып алған. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде, 10 маусымда аяқталады. Сахналық киімдер алуға қосымша 6,5 миллион теңге бөлінді” - деп, түсіндірді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлбеков.
Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізіліп, олар аяқталғаннан кейін солистер мен ансамбльдер үшін костюмдер сатып алынбақ екен. «Газель» автокөлігіне қатысты конкурстық процедуралар 6 мамырда аяқталып, осы айдың соңына дейін облысқа жеткізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ әкімдік Құйған ауылындағы ауылдық клубтың құрылысына қаржы бөлінгенін хабарлады. Қазір жаңа мәдениет мекемесін салатын мердігерді анықтау үшін байқау жүріп жатыр.