Өскеменде Кеңес үкіметін құрған “қызылдардың” монументі жөнделмек


ЖАҢАЛЫҚТАР 20-05-2024, 10:23 0

Өскемендегі “Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті” деп аталатын ескерткіш жөнделеді. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бейіт маңындағы тақта тастар ауыстырылып, ескерткіштің жалпы келбеті өзгертіледі.

 

Бейіт Ертіс өзенінің жағасында, Амфитеатр жанында орналасқан. Бұл жерде Қызыл гвардияшылар мен 1918-1919 жылдардағы көтерілістерге қатысушылар жерленген. 

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жақында бұл жердің атауын “Келісім алаңы” деп атауды ұсынған. Осы ұсыныс айтылған тұста жөндеу жұмыстары да басталды.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив