Жарма ауданының әкімі болып Нұрлан Борсукбаев тағайындалды.
Нұрлан Борсукбаев 1975 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Семей мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономика және менеджмент», 2006 жылы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1997 жылы Семей қаласының салық инспекциясының маманы, 1999 жылдан 2006 жылға дейін Семей қаласы бойынша Салық комитетінде салық инспекторынан бастап ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2008-2017 жылдар аралығында Семей қаласы бойынша Салық комитетінде тіркеу бөлімінің басшысы, жеке тұлғалардың салықтық аудиті бөлімінің, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың маусым айына дейін Бесқарағай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасын басқарды, кейіннен аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2020 жылы «Smart concept» ЖШС директоры лауазымына ауысып, 2023 жылға дейін жұмыс істеді.
2023 жылдан 2024 жылдың қазан айына дейін Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.