Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімі болып Данияр Дүйсенбаев тағайындалды.
Данияр Дүйсенбаев 1979 жылы Семей облысы Шұбартау ауданы Өркек ауылдық округінде дүниеге келген.
2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті», 2007 жылы Орталық Азия университетін «құқықтану», 2019 жылы Д,Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008-2009 жж. - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Іс басқармасы» КМҚК № 1 филиалының директоры;
2009 ж. - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «Іс басқармасы» КМҚК № 1 филиалының директоры;
2011-2012 жылдары - ШҚО Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты, құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы;
2012-2013 жылдары - ШҚО Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2013 жылы - ШҚО Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2013-2014 жылдары - ШҚО Риддер қаласы, Риддер қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы;
2014 жылы - ШҚО Риддер қаласы, Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысы;
2014-2022 жж. - Риддер қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр Дүйсенбаев бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін басқарды.