Су ресурстары және ирригация министрлігі Зайсандағы Кендірлік өзенін бөгеп, су қоймасын салуды жоспарлап жатыр. Министрдің өзі келіп жергілікті халықпен кездесіп қайтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, салынғалы жатқан су қоймасының стратегиялық маңызы зор.
-Кендірлікті бөгей отырып, аудандағы ауыл шаруашылығы мен аграрий мәселесін шешеміз, жергілікті тұрғындардың өмір сапасын арттырамыз, депті өз сөзінде министр.
Қазірдің өзінде болашақтағы су қоймасының инвестициялық жобасы әзірленіп, Ұлттық экономика министрлігінің мақұлдауына жіберілген. Жоба мақұлданса ары қарай экономикалық-техникалық құжаттары әзірлене бастайды.
Су министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, Президенттің тапсырмасына сәйкес елімізде алдағы уақытта жаңадан 20 су қоймасын салынбақ.