"Ауылдың дамуына кедергі келтіруде" министрдің маралдылықтар туралы пікірі


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА / АУДАНДАР 24-05-2024, 18:33 0

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Маралды ауылының тұрғындарына қатысты және ауылда болып жатқан оқиғаларға байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.



Министрдің айтуынша, тұрғындар экологияны сылтау етіп инвесторлардың жұмысына, ауылдың дамуына кедергі келтіруде.



-Инвестор өз аяғымен келіп тұр, ақшасын құйып тұр, фабрика салып жатыр. Маралдының барлық тұрғынына жұмыс орны дайын. Сол ауылдың өзінде тұрмаса да тұратындай болып, шетелдік инвестордың жұмысын сынап жүрген бір топ бар. Мен ойлаймын, мемлекет елге инвестор тарту жолында дұрыс жұмыс істеуі керек.  



Маралды ауылында алтын өндіру зауытының құрылысы тоқтаған жоқ. Жергілікті тұрғындар зауыттың өзенге жақын орналасқанын, яғни бұл құрылыстың арты экологиялық апатқа әкелетінін айтып дабыл қағып келеді.


Bizdiң Өskemen сайтының тілшісі сөйлескен Маралды тұрғындары министрдің "ауылдың дауына кедергі келтіреді" деген пікірін жоққа шығарады. Олардың айтуынша, ауыл тұрғындары фабриканың экологияға зияны тиеді деп қарсы болып жүр. Ауыл адамдары карьерді ашық әдіспен қазу табиғатты бүлдіреді, ал алтынды шаятын цианид қоспасы сумен бірге жерасты суларын ластауы мүмкін деп ойлайды. Сонымен бірге кеніштегі жару жұмысы және цианид қосылған судың булануы ара шаруашылығына зиянын тигізеді. Ара өте сезімтал болғандықтан, ол маңайда тұрақтамай қоюы ықтимал дегенді айтады.


daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив