Шекарадағы Ахметбұлақ ауылына алыстан жас отбасы көшіп келді


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР 27-05-2024, 18:17 0

Ахметбұлақ ауылына Астана қаласынан бір отбасы көшіп келді.

-Ердан деген бауырымыз тәуекелшіл, нағыз азамат екен. Өткен жолы ауданымызға  қонақ болып келгенде ел-жұртты аралап,  шаруаға қолайлы деген бірнеше ауылды көрсеткен едік, дейді Тарбағатай аудан ішкі саясат бөлімінің басшысы Ермек Құманғалиев.

Бұйырса, шекараның шебіндегі Ахметбұлақ деген ауылдың тұрғындары 5 адамға толықты.  Ауыл тұрғындары шашуларын шашып,  құшақ аша қарсы алды.     

Қазірдің өзінде бұл ауылға көшіп келуге ниетті жастардың  қатары көбеюде. Әсіресе Алматы мен Жетісу, Шымкент жақтан хабарласушылар көп. Ауыл тұрғындары хабарласқан адамдардың барлығына ауылдың жай-жапсарын  ерінбей түсіндіріп,  келгендерді күтіп алып, шығарып тастап жүр.

Аудан әкімі  Дархан Шомпайұлы тиісті сала басшыларына  ауданға жаңадан көшіп келетін отбасыларды жан-жақты қолдауды тапсырып отыр.

-Кеше Ерлан қоныстанған үйдің иесі Мұхтар есімді ағамыз Өскемен  қаласынан келіп, баспанасын 1 млн теңгеге бағалап табыс етті. Көшіп келушілердің құжаттары толық рәсімделіп болған соң  ақшасын алатын болып келісті, дейді Ермек Құрманғалиев.

Ауылда бұл отбасыға шаруа қожалықтары жетекшілері  жұмыс та ұсынып отыр. Халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірлерден, Алматы мен Астана қалаларынан Солтүстік Қазақстанға, және Шығыс Қазақстан облысының  жаңа  құрылған  шекаралық аудандарына халықты көшіріп әкелуге  бағытталған арнайы бағдарлама бар.

Бағдарламаның жай жапсарын әрбір аудандағы " Мансап орталықтарының" мамандары  түсіндіруге, кеңес беруге міндетті.

Егер  Тарбағатай ауданына көшіп келетін отбасылар болса:

1)  Мемлекет тарапынан отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК көлемінде көшіп келу шығыны төленеді.

2) Ауылда бос тұрған жақсы  баспаналар бар. Егер сол баспаналардың бірін сатып алғысы келсе  мемлекет тарапынан 4 млн теңгеге дейін сертификат беріледі. Яғни 8-10  млн теңгелік үйді алса,  мемлекет 4 млн теңге төлеп беруге әзір.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив