ШҚО әкімі: рапс, соя дақылдарының егіс алқаптарын көбейтуіміз керек


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-09-2024, 18:00 0

Қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 239 мың гектардан астам дәнді дақылдар жиналды, бұл жалпы орылған алқаптың 94%-ын құрайды. Келесі жылы Шығыс Қазақстан облысы майлы дақылдар көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Облыс әкімдігінің отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев аудандарының әкімдеріне рапс, соя сияқты бағасы жоғары дақылдардың егіс алқаптарын көбейтуге тапсырма берді. 

– Рапс пен сояның бағасы күнбағысқа қарағанда қымбат болғандықтан, аудан әкімдері, шаруаларға егіс алқаптарын көбейтуді ұсынуы керек. Үйдене және Қандысу су қоймалары қайта қалпына келтірілгеннен кейін ол жерге суару жүйесін орнатып, егін алқаптарын сынақтан өткізу туралы ұсыныстар түсті. Осы мәселені зерттеңіздер, - деді облыс әкімі. 

Мәселен, Тарбағатай мен Зайсан өңірінде бір жылда 80 мың гектарға дейін рапс пен соя егуге болады. Биыл 1300 гектар жерге соя, 14,9 гектарға рапс егілді. 

– 33,9 мың га майлы дақылдар, немесе жалпы орылған алқаптың 15,21%-ын құрайды. Орташа өнімділік 19,7 ц/га. 66,85 мың тонна бастырылды. Диқандар майлы дақылдарды жаппай жинауды қыркүйектің үшінші онкүндігі мен қазан айының басында бастайды. Қазір күнбағыс дақылдары пісу кезеңінде, - дейді Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив