Фото: ecfs.msu.ru
Келесі жылы өңірдегі ветеринарлардың жалақысы 15-20% - ға өседі. Бұл туралы обылстық ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағындықов айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Басқарма басшысы өз сөзінде ветеринария саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталды.
- Шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі – кадр жетіспеушілігі. Жастар келіп, тәжірибе жинақтағаннан кейін жеке компанияларға кетіп қалады. Себебі ондағы жалақы мөлшері едәуір жоғары, 500 мыңнан миллионға дейін алады. Ал мемлекеттік кәсіпорындағы дәрігерлер 190-нан 230 мыңға дейін жалақы алады. Келесі жылы саланы қаржыландыруды ұлғайту ветеринариялық дәрігерлердің жалақысын 15-20% - ға көтеруге мүмкіндік береді, - деді Рамиль Сағындықов.
Облыс әкімі мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге жеке құрылымдарда қосымша ақша табуға тыйым салудың қажеті жоқ екенін, бірақ жалақыны арттырудың қосымша мүмкіндіктерін қарастыру керектігін атап өтті.