Биыл ШҚО-да 160 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-09-2024, 19:30 0

«ШҚО ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді қайтару» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасы басшысы Надежда Михейлис биыл ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жатқан 160 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланғаны туралы хабарлады.

– 2022 жылы 100 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер қайтарылды. 2023 жылы Шығыс Қазақстанда пайдаланылмай жатқан 125 мың гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтардық. Биыл 160 мың гектар жерді қайтару жоспарланды, бүгінде оның әзірге 58,3 мың гектарын ғана мемлекет меншігіне қайтара алдық. Қайтарымның ең көп көлемі Күршім (14,8 мың гектар), Алтай (3,9 мың гектар) аудандарында және Өскеменде (408,4 гектар) тіркелді. Ең төмен көрсеткіш 1000 гектарға жуық жерді ғана қайтарған Ұлан ауданында ғана тіркелді, - деді Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасы басшысы Надежда Михейлис. 

ШҚО Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Сейсенғазы Чукаевтың айтуынша, әр адамның жекеменшігінде жалға алған жерлер болса ол міндетті түрде оны пайдалануға тиісті. Егер жайылымда жер болатын болса онда міндетті түрде мал басы тіркелуі тиіс. Шағымдық жерлердің шөптері міндетті түрде шабылуы керек. Егістік жерлердегі жерлер болатын болса міндетті түрде егін егілуі керек. 

– Біздің негізгі құзіретіміз бүгінде жерді мақсатына сай пайдалану, оны қорғау мәселелері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Біз енді жерді тек ғана Жер кодексінің 92, 94 бабтарына сәйкес, мәжбүрлеп алып қою мәселесі бойынша жұмыстар жүргіземіз. Шығыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жыл басынан бері шамамен 240 жуық тексеру жүргізді. Оның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша 149 тексеру, жалпы алғанда 208,6 мың гектар жерде тексеру жүргізілген болатын. 98 тексеру нәтижесі бойынша 116,2 мың гектар аралығында заң бұзушылықтар анықталды. Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылда берілген нұсқамалар бойынша жер пайдаланушылар 40,1 мың гектар алаңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға кірісті, - дейді Сейсенғазы Чукаев.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар