Заңсыз шырша кескендер жазаланады


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:06 0

Фото: m.astanatv.kz

Өскеменде “Шырша” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 
Профилактикалық шараның басты мақсаты – шыршаны заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сатудың алдын алу. 
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тәртіп сақшылары табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп қаладағы қылқан жапырақты ағаштарды базарда заңсыз сату фактілерінің жолын кеспек. Осы бағытта мобильді топ құрылып, тәулік бойы рейдтер жүргізіледі. 
Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-31 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив